Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Шығармашылық орталығы»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
Жүгіру жолы
«Шығармашылық орталығы»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Қыркүйек айының 10-11  күндері Қостанай қаласында республикалық  Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік құрастыру) республикалық жарысына ШҚО командасының  құрамында Зайсан аудандық шығармашылық орталығының оқушылары Шәкірт Ернәби мен Оспанов Мәди ( жетекшісі Габбасов С.Ш.) қатысып қайтты.
Оқушыларымыз радиомен басқарылатын БАГГИ және РЦБ класы бойынша автомодельдер жарысына  өз қолдарымен құрастырған техникаларымен облыс намысын қорғап, республика бойынша қатысқан 18  команданың ішінде жақсы нәтиже көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша  сертификаттармен марапатталды.
Техникалық бағыттағы өткізіліп келе жатқан бұл жарыстың республикалық кезеңіне біздің оқушыларымыз 2 жыл қатарынан қатысып келеді, Бұл — оқушылардың техникалық бағытқа қызығушылығы мен шығармашылық қабілетінің нәтижесі. Оқушыларымызға  әрдайым сәттілік тілейміз!